Дэвис Кубогінде Қазақстан Болгарияны жеңді
Екі күн бұрын София қаласында жеребе тасталып, теннистен Қазақстан құрамасы Болгария командасына қарсы ойнайтыны белгілі болған.
Бірінші күні Тимофей Скатов пен Александр Бублик екіде бір есебімен қарсыластарынан озды.
Юрий Щукин, теннистен Қазақстан құрамасының капитаны:
- Дэвис кубогі – жауапты ойын. Кейде аутсайдер командарлары өз үйлерінде ойнайды. Ал біз олардың алаңында кездестік. Сондықтан оларға көрсетіліп жатқан қолдау мықты. Біз қашан да барлық күш жігерімізді салып ойнаймыз.
Алдымен болгар ойыншылары қазақстандық теннисшілерді алтыда үш есебімен екі мәрте басым түсті. Мұнан соң Александр Бублик ойынға кірісіп, жұптық кездесуде оза шапты. Кейін жекелеген қарсыласу ойынында да жоғары нәтиже көрсетті.
Александр Бублик, теннистен Қазақстан құрамасының ойыншысы:
- Негізі қазіргі қарсыласым менің деңгейімдегі теннисшімен ойнап көрмеген. Яғни ол үлкен турнирлерге қатыса бермейтін. Бірақ мен дайындығымды күшейттім. Көп жаттықтым. Маған барлығы сенім артып отыр. Сондықтан мен өз биігімнен құламауға тиіспін.
Иә, осылайша плей-офф кезеңінде қазақстандық теннисшілер ойынды 3:1 есебімен аяқтап, әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жолдама алып отыр. Ендігі ойын келер жылдың ақпанында болады. Ал ол турнирде қарсыласын анықтайтын жеребе тастау рәсімі 20 қыркүйекте өтеді.
Альмира Оразбай