Шахматтан Түркі елдері арасында сайыс өтті
Қазақстандық Елырыс Лесбай шахматтан Түркі мемлекеттері арасында өткен жарыста үшінші орынға ие болды.
Зияткерлік сайысты ТҮРКІСОЙ ұйымы мен "Шахмат мұражай" қоғамы бірлесе өткізді. Ақыл-ойдың бәсекесінде бірінші және екінші орын Әзірбайжандық студенттердің еншісінде кетті. Елырыстың жасы кіші болғанымен ересектер арасындағы қарсыластырына лайықты тойтарыс берді.
Елырыс Лесбай, жарыс жүлдегері:
- Шахмат тек қана спорт емес, стратегиялық ойын. Алты жасымнан бері әкеммен бірге шахмат ойнаймын. Әкем арқылы осындай жарыстарға қатысып жүрмін. Осы жарыста, жаман емес нәтиже көрсеттім деп ойлаймын.
Сағадат Тыныштық, жарысқа қатысушы:
- Шахматты интернеттен үйрендім. Анаммен практика жасадым. Содан осында келіп, біраз қиналдым. Бірақ, Әзәрбайжан, Түрікмендермен ойнадым. Жақсы орын алатын шығармын деп ойлаймын.