ҚХЛ: «Барыс» - «Нефтехимик» 8:0

Елордалық «Барыс» клубының хоккейшілері ресейлік нижнекамскінің "Нефтехимик" командасын 8 де 0 есебімен ойсырата ұтты.

Есеп матчтың 13-ші секундында ашылып, ойын барысы жергілікті хоккейшілер үшін табысты аяқталды. Бұл Құрлықтық хоккей лигасының осы маусымында «Барыстың» екінші жеңісі. Бұған дейін команда 5 кездесуді сәтсіз өткізген еді. Елордалық клуб келесі ойынды сырт айдында "Спартак" командасына қарсы өткізеді.