Қытайда жазғы Азия ойындары басталды
Қытайдың Хонджоу қаласында Азия ойындары басталды.
Алғашқы жарыс күні бессайыстан қазақстандық Павел Ильяшенко мен Кирилл Стадник сәтті өнер көрсетіп, финалға жолдама алды. Ал байрақты бәсекенің ресми ашылу салтанаты ертең елорда уақытымен 22:00-де басталады. Артынша алғашқы медаль жиынтығы да сарапқа салынады. Биылғы бәсекеге 500-ден аса спортшымыз қатысады. Бұл өзіндік рекорд. Қазақстандық қыз-жігіттердің алғашқы толқыны Қытайға жетті. Биылғы дүбірлі додада жерлестеріміз 30 спорт түрінен бақ сынайды. Ханчжоу қаласындағы жарыс 9 қазанға дейін жалғасады.
Диас Ахметшәріп, спорт сарапшысы:
- Енді жарыстар басталды. Медальға үмітіміз алда. Өткен Азия ойындарымен салыстырсақ, осы жылы министрліктің тапсырмасымен кемінде 20-25 алтын алуымыз керек. Осындай жоспар құрылып отыр. Дегенмен де Азия ойындарына осы құрлықтың ең мықты спортшылары қатысады. Сол себепті оңай болмайды. Бірақ дегенмен де үмітіміз бар.