Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте жүздіктің қатарына енді

Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте жүздіктің қатарына енді

Ұлттық құраманың халықаралық аренадағы жетістігі әлемдік рейтингке де әсер етті.

ФИФА-ның қыркүйектегі жаңа тізімінде Магомед Адиев командасы 4 саты жоғарлап, 100-ші орынға орналасты. Топ басында әлем чемпионы Аргентина тұр.

Осы айда Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде 2 ойын өткізді. Қазақстанның әлемдік рейтингтегі ең жоғары көрсеткіші 2016 жылы тіркелді. Сол жылы ұлттық команда 86-шы орынға дейін жеткен еді.