Қызылордада «Бала Барысы» ашық біріншілігі өтіп жатыр
Қызылордада қазақ күресінен «Бала Барысы» ашық біріншілігі өтіп жатыр.
Жас балуандардың арасынан мықтыны анықтайтын дүбірлі дода облыстың 85 жылдығы мен «Қала күніне» арналды. Аймақтың 34 жас спортшысы өзара кім мықтыны анықтайды. Ашық біріншілікте балуандардың әр қимылы VAR жүйесі арқылы бақыланып, ютуб арнасында тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. 8 командаға бөлінген ұландардың салмағы 55 келіден басталады. Екінші рет Сыр өңірінде жалауы көтерілген сайыс жеңімпаздарына алтын белбеу мен тайтұяқ табысталып, республикалық бәсекеге жолдама алады.
Жағыпар Тажмаханов, қалалық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы:
- Жалпы облыста қазақ күресімен айналысатын балалардың үлесі өте жоғары. Сол балаларды ынталандыру мақсатында, жігерін жану, олардың қызығушылығын арттыру және ішіндегі үздіктерін анықтап, болашақта Қазақстан барысы турниріне қатысатындай жасөспірімдердің ішінде іріктеу есебінде өткізіп жатырмыз.