Әйелдер күресі: қола жүлдегер Ж. Бақбергенова елге оралды
Әйелдер күресінен әлем біріншілігінің қола жүлдегері Жәмила Бақбергенова елге оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оны Астана қаласының халықаралық әуежайынан жанкүйерлері салтанатты түрде күтіп алды. ІІІ орынды місе тұтқан спортшымыз алтыннан үмітті болғанын жасырмады. Өзіне болысқан барша қазақстандыққа алғыс айтып, ризашылығын білдірді. Жеңісті күндер алда екенін айтты.
Жәмила Бақбергенова, әйелдер күресінен 2023 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері:
- Дода жақсы өтті. Бірінші кездесуде Сербия палуанымен шықтым. Онан соң Ресей палуанымен шықтым. Бірақ жартылай финалда моңғол палуанын менсінбей шықтым ба... Осыған дейін оны 5 рет ұтқаннан кейін ұтып аламын деп ойлағаннан кейін осылай ұтылып қалдым.