Азиада жарысында дзюдошылар мен сұрмерген елімізге жүлделер алып берді

Қоржынымызға 3 қола түсті.

Қытай төрінде жылдың басты бәсекесі Азия ойындары өтіп жатыр. Бүгін дзюдошыларымыз бен сұрмергендер жеңісімен қуантты. Соның арқасында Қазақстан жалпыкомандалық есепте 45 елдің арасынан 13-орынға көтерілді.

Аслан Қаженов, тілші:

- Кезекті рет Ханджоу төріндегі дзюдо аренасынан арненасынан сөйлеп тұрмын. Ұлттық құрама спортгылары екінші күн қатарынан жеңістерімен қуантуда. Өкінішке, орай әзірге алтын жоқ. Сонда жа бүгінгі тартыс және жерлестеріміздің табандылығы бүкіл әлемді таңқалдырды. 

Әсіресе 81 келідегі Абылайхан Жұбаназар өте белсенді қимылдып, іріктеу кезеңін сәтті өткізді. Тек жартылай финалда тәжікстандық дзюдошыға есе жіберді. Ал, қола үшін белдесуде өзбекстандық Мусо Собировтан басым түсті. 

Абылайхан Жұбаназар, Азия ойындарының қола жүлдегері

- Кездесу өте жақсы өтті. Оның алдында бір рет күрескен едім өзбек палуанымен. Бір бірімізді өте жақсы білеміз. Сол үшін жекпе жек ұзаққа созылды. Тең болды. Аллаға шүкір. Сезім жақсы, әрине. Дегенмен өзімді алтын алам деп қатты дайындап келген едім. Әрине бұған да шүкір. 

Бұған қоса, әйелдер арасында қазақстандық Эсмигүл Күйілова да жеңіс тұғырына көтерілді. Ол қола үшін күресте тағы бір өзбекстандық Севинч Исокоаны ұтты. Айта кетейік осының алдында Әбиба Әбужақынова күміс, Мағжан Шамшадин қола жеңіп алған болатын. Осылайша дзюдошыларымыздың өзі төрт медаль еншілеп, ұлттық құраманың Азия ойындарындағы жалпы есептегі жағдайын жақсартуға көмектесті. 

Жандос Қонысбаев, дзюдодан ҚР мемлекетік жаттықтырушысы:

- Алғашқы күндер енді табан тірейтін күндер. 60, 66, 48, 52 келідер. Кеше енді Әбиба финалға шықты. Мағжан қоламен шктелді. Бірақ ертең осы Азия ойындарының жеңімпазы Хамза Дидар бар. Шархан Нұрлыхан бар. Қырықбай Ғалымжан бар. Құдай қаласа, алтынды барынша күтеміз. Болу керек. Талап сол. Ұлттық құраманың алдындағы талап алтын. 

Бұған қоса бүгін сұрмергендер сайысынан да бір қола еншіледік. Тапаншамен оқ ату бәсекесінде Қазақстандық Никита Чирюкин үздік үштікті түйіндеді. Алдывн және күміс жүлдені Қытай спортшылары жеңіп алды. 

Никита Чирюкин, Азия ойындарының қола жүлдегері:

- Бұдан да жақсы нәтиже тіркегім келген. Бірақ барлық шама-шарқым осы болды. Қателіктерімді түсіндім. Алдағы уақытта физикалық және психологиялық дайындықты шыңдай түсуім керек. 

Қоржынымыздағы медальдар саны тағы артуы мүмкін. Өйткені, бұнда Қазақстанмен екі сағат айырмашылық бар және жарыстар әлі жалғасып жатыр. 

Аслан Қаженов, тілші:

- Айта кетейін, біз осыдан төрт жыл бұрын индонезияның Джакарта қаласында өткен байрақты бәсекеде 9-шы орынға тұрақтадық. Ал, бұл жолғы мақсат содан сатып түсу, мүмкіндіак болып жатса алдыңғы бестікке кіру. Міне, енді спортшылар осы үмітті ақтайды деп сенеміз.

Аслан Қаженов