Азия ойындарында ұлттық құрамаға қызмет ететін арнайы штаб құрылған
Қытайдың Ханчжоу қаласында жылдың басты бәсекесі Азия ойындары жалғасып жатыр және оның аясында ұлттық құрамаға қызмет ететін арнайы штаб құрылған.
Олар күні-түні 800-ге жуық қазақстандық спортшы мен спорт маманДАрына қызмет етеді. Әріптесім Аслан Қаженов еңбегі көп елене бермейтін жұмысшылардың да жағдайымен жақынырақ танысты.
Аслан Қаженов, тілші:
- Мен қазір Хандожоу төріндері спорттық ареналардан емес, сол қаланың халықаралық әуежайынан эфирге шығып тұрмын. Өйткені, бұнда да қызу қарбалас. Ұлттық құрамаға жауапты мамандар, арнайы штаб дейміз, міне, сол жақтағы қыз-жігіттер де күні-түні еңбек етіп жатыр. Медальдың екі жағы болады дейді ғой. Сол, міне, екінші жағына назарыңызды аударғым келеді. Өйткені, оның жұмысы көп көріне бенрмейді. Ал шынтуайына келгенде, дәл осы қызметкерлердің төгіп жатқан тері, жатап жатқан жұмысы, ұлттық құрама спортшыларынан артық болмаса, кем емес.
Азамат Имашев, Ұлттық құрама штабы қызметтерінің үйлестірушісі:
- Жалпы бүгін ұлттық құраманың үшінші бөлігі, яғни чартерлік рейспен Алматыдан 140 шамасындағы спортшылар мен бапкерлер келе жатыр. Спорт түрлерінің басталуына қарай спортшылар екі бүрын келіп орналасады. Жалпы саны 524 спортшы, 167 бапкер, 32 төреші, 50-ге жуық дәрігер және 20-дан аса БАҚ қызметкері бар. Соған байланысты штаб құрылды. Келген спортшывларды күтіп алып, автобустарға орналастырып, қонақ үйге апарып, аккредиттеуден өткізіп, бөлмелеріне жайғастырамыз. Кеше, мысалы, екі сағат ұйықтадық. Алғашқы күндері қиын. Бір мызғып алып, ары қарай жұмыс істейміз.
Мінеки олимпиадалық қалашықтың кіре берісінде осындай қарбалас. Тәртіп өте қатаң. Спортшыларымыз сол қапталдағы үстелге үймелеп жатыр.
Таир Айдарқұлов, спортты дамыту дирекциясының бөлім басшысы:
- Аккредиттеу орталығы осы жерде. Спортшыларды күтіп аламыз. Құжатын рәсімдеп, қалашыққа кіргіземіз. Онсыз болмайды. Тәртіп өте жақсы. Оны сақтау керек. Талапты орындау қажет.
Айгүл Бектенова, ҚР ТСМ комитеті төрағасының орынбасары:
- Осы жерде спортшылардың кілттерін таратып, орнадастырып, қай жерде тамақ ішеді, қай жерде жаттығады, қай жерден ақпарат алуға болады, автобустардың қай аялдамада тұратынын, қай уақытта жүретінін түсіндіреміз. Кездесулерден, жеребе тарту рәсімдерінен қалып қоймау керек. Сондай ұйымадстыру сұрақтарымен айналысамыз.
Аслан Қаженов, тілші:
- Ал бұл жоғарыда сөз болған штабтың өзі. Бұнда жиырмаға жуық маман күні түні еңбек етеді. Оның ішінде сарапшылар бар, сақа да қызметке жауапты мамандар бар. Міне, қызу қарбалас. Ал оң қапталдағы бөлмеде бірден көк байрағымыз көзге түседі. Қазір қазақстандық мамандар жаңа ғана әуежайға жеткен спортшывларды күтіп алып, орналастырумен айнадысып жүр. мБұнда спортшыларды құттықтайтын бұрыш жасаған және медальдық есеп тақтасы бар. Алға, Қазақстан!
Аслан Қаженов