Азиаданың алғашқы алтыны. LIVE

Алғашқы алтынды жеңіп алдық. 

Жаңа ғана Ханджоу қаласынан, сүйінші хабар жетті. Қытай төрінде қазір Азия ойындары өтіп жатыр, және сұр-мергендіріміз командалық сында топ жарды. Анық қанығын  әріптесім Аслан Қаженов айтып берсін. Ол қазір жарыс өтіп жатқан Ханджоу қаласынан тікелей эфирге шығуға дайын.

Олег Почивалов, Қазақстан спорттық ату федерациясының бас хатшысы:

- Жағдайымыз жақсы. Бұл жоспарда болған алтын жүлде. Өйткені тыңғылықты дайындалдық. Ашығын айту керек, финал өте күрделі өтті. Қытай құрамасы тегеурінді қарсылық танытты. Тіпті, алға да шығып кетті. Бірақ қыздарымыздың табандылығының арқасында алтын медальға қол создық.