Алғашқы алтынды жеңіп алдық

Алғашқы алтынды жеңіп алдық.

Ханджоу қаласынан сүйінші хабар жетті. Қытай төрінде Азия ойындары жалғасып жатыр және бүгін сұрмергендіріміз командалық сында топ жарды.Стенд ату алаңында қазақ қыздары бір емес, бірнеше рет жеңіс тұғырына көтерілді. Әсіресе, скит бәсекесінде ел намысын қорғаған үштік, атап айтқанда, Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панарина финалға дейін жетіп, соңғы сында Қытай қыздарынан асып түсті.