Құрама қоржынына алғашқы алтын түсті

Ханджоу қаласынан сүйінші хабар жетті.

Қытай төрінде Азия ойындары жалғасып жатыр және бүгін сұрмергендіріміз командалық сында топ жарды. Артынша дәл осы қыздар жекелей сында сәтті өнер көрсетіп, құрама қоржынына тағы бір медаль салды.

Үш күн күткен алтын. Бүгін стенд ату алаңында қазақ қыздары керемет өнер көрсетіп, бір емес, бірнеше рет жеңіс тұғырына көтерілді. Әсіресе, скит бәсекесінде ел намысын қорғаған үштік, атап айтқанда, Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панарина финалға дейін жетіп, соңғы сында Қытай қыздарынан асып түсті. Жалпы есепте 350 ұпай жинады. Сәйкесінше, Азия ойынднарының рекордын жаңартты.

Олег Почивалов, Қазақстан спорттық ату федерациясының бас хатшысы:

- Жағдайымыз жақсы. Бұл жоспарда болған алтын жүлде. Өйткені, тыңғылықты дайындалдық. Ашығын айту керек финал өте күрделі өтті. Қытай құрамасы тегеурінді қарсылық танытты. Тіпті, алға да шығып кетті. Бірақ, қыздарымыздың табандылығының арқасында алтын медалға қол создық.

Артынша дәл осы қыздар жекелей жарыста та бақ сындады. Бұл бәсекеде, керісінше, Қытай өкілдері үздік нәтиже тіркеді. Ал, қазақстандық Әсем Орынбай алдыңғы үштікке ілігіп, қола жүлдегер атанды. Осылайша Әсем бір күнде екі рет жеңіс тұғырына көтерілді.

Әсем Орынбай, Азия ойындарының қола жүлдегері:

- Өте қуаныштымыз. Мақсатымыз фитналға кіру болды. Жіне медаль алу болды. Бүгін екі жүлде алдым. Біреуі алтын. Қолдан келгенімізді жасадық. Финал мықты болды. Сондықтан , үшінші орын.

Ольга Панаринаға да ерекше тоқталып өтуге болады. Ол командалық сында бірініші орын алса, жекелей сында төртінші орынға тұрақтады. Азия чемпионы қазір 53м жаста. Тіпті, немересі де бар.

Аслан Қаженов, тілші:

- Жарыс күні әлі аяқталған жоқ. Ханджоу төрінде тағы бірнеше спорт бойынша медальдар жиынтығы сарапқа салынып жатыр және жаңа ғана қазақстандық Әділбек Мусин жүз метрге баттерфляй әдісімен жүзуде ұлттық құрама қоржынына кезекті қоланы салды. Оның алдында дзюдо шеберлері,одан кейін сұрмергендер күміспен қуантты, қоламен қуантты. Бірақ, бәрібір бүгінгі алтынның жөні бөлек. Бұл үлкен жеңістер сериясының басы ғана деп түсінеміз. Өйткені, азия ойындары 9-шы қазанға дейін жалғасады.

Авторы: Аслан Қаженов