ҚПЛ: «Ордабасы» - «Мақтаарал» 1:0
Қазақстан премьер-лигасында шешуші кезең жақындады.
Әзірге «Ордабасы» топ бастап келеді. Шымкент командасы 18-ші турда «Мақтааралды» қабылдап, маңызды 3 ұпайын еншіледі. Матч алаң иелеріне оңай болған жоқ. Оңтүстік дербиіне баланған ойында «Мақтаарал» жігіттері де аянып қалмады. Қайрат Нұрдәулетовтен тәлім алатын ұжым біразға дейін «Ордабасының» жүйкесіне ши жүгіртті. Алғашқы таймда есеп ашылған жоқ. Үзілістен кейін де қонақтар қорғанысқа жамбастап жатып алды. Қонақтардың шамасы 60 минутқа ғана жетті. Кезекті шабуылдардың бірінде өзбек футболшысы Бобыр Әбдіхалықов қақпаның бір бұрышын дәл көздеді. Есеп: 1:0.
«Ордабасы» чемпиондық атаққа ақырындап жақындап келеді. Қазір Шымкент командасының еншісінде 52 ұпай бар. Екінші орындағы «Астанада» 49 ұпай бар. Үздік үштікте «Ақтөбе» тұр.