Astana Open: Кукушкин жеңіліп қалды

Михаил Кукушкин Astana Open турнирін ерте аяқтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда Португалияның бірінші ракеткасы Нуно Боргештен жеңіліп қалды. Есеп: 7:5, 6:7, 4:6. Келесі кезеңге өткендер қатарында сербиялық Хамад Медьедович те бар. Ресейлік Александр Шевченко Нидерланд өкілі Ботик ван де Зандшульпоның осал тұсын тапты.

Бүгін Astana Open турнирінің негізгі кезеңіндегі ойындар жалғасады. Елорда турнирінің алтыншы ракеткасы Адриан Маннарино мен үлкен шлем жарыстарының жеңімпазы Стэн Вавринка да жарысқа араласады. Бүгін аустриялық Доминик Тим де кортқа шығады. Қазақстандық Александр Недовесов эквадорлық әріптесі Гонсало Эскобармен жұптық сында ойнайды.