Б. Зайнутдиновтың трансферлік құны көтерілді

Б. Зайнутдиновтың трансферлік құны көтерілді

Бақтиер Зайнутдиновтың құны көтеріліп, отандық футболдағы баға рекордын жаңартты.

Қазір Қазақстандық футболшының бағасы 6,5 млн еуроны құрайды. Биыл «Бешіктастың» жейдесін киген аладоп шебері Еурокубок додасында жақсы қырынан танылды. Маусым айында Мәскеулік ЦСКА сапында жүргенде жерлесіміздің құны 5 млн еуро еді. Түркияға ауысқалы Зайнутдиновтың мәртебесі ғана емес, бағасы да көтерілді. Бақтиер қазақ футболындағы ең қымбат ойыншы саналады. Екінші орында «Зенит» қорғаушысы Нұрәлі Әліп тұр. Оның нарықтағы бағасы 1,2 млн еуроны құрайды.