Astana Open АТР 250: Недовесов ширек финалға шықты

Astana Open турнирінің жұптық сындағы ширек финалистері анықталды.

Қазақстандық Александр Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге Себастьян Баэс - Бернабе Миральес жұбынан басым түсті. Есеп: 6:3, 6:2. Мамандар Недовесов жұбының топ жаруға мүмкіндігі мол дейді. Екі ай бұрын Александр мен Гонсало Швецияда АТР 250 санатындағы турнирде жеңіске жеткен болатын. Жекелей сында үлкен шлем жарыстарының чемпионы атақты Стэн Вавринка жеңіліп қалды. Швейцариялық теннисші АҚШ өкілі Маркос Гиронға есе жіберді. Аустриялық Доминик Тим мен Адриан Маннарино да келесі айналымға өтті.