«Ордабасы» чемпиондыққа біртабан жақындай түсті
Футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінде "Ордабасы" сырт алаңда "Жетісу" командасын айқын басымдықпен ұтты.
Талдықорғанда өткен матч 2:1 есебімен шымкенттік ойыншылардың жеңісімен аяқталды. Алғашқы кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасын аңдумен болды. Ойынның 55-минутында «Ордабасы» сапынан Артем Беседин мергендік танытса, 64-минутта Темірлан Ерланов есепті үстемелей түсті. Оған 79-минутта «Жетісу» сапынан Ілияс Әмірсейітов бір голмен жауап қайырды. "Ордабасы" қоржынында әзірге 55 ұпай бар. Осылайша чемпиондық атаққа біртабан жақындап қалды. Ал екінші орында 49 ұпай еншілеген "Астана" тұр. Үздік үштікті "Ақтөбе" мен "Қайрат" командалары түйіндейді.