Қоржынға 47-медаль түсті. LIVE
Қоржындағы медальдар саны 47-ге жетті. Қытай төрінде Азия ойындары жалғасып жатыр және жаңа ғана жеңіл атлеттеріміз жеңіс тұғырына көтерілді.
Атап айтқанда, 5 шақырымға жүгіруде қазақстандық Каролин Кипкируи қола жүлде еншіледі. Артынша дәл осындай жетістікке биіктікке секіруде Надежда Дубовицкая қол жеткізді.