Astana Open ATP 250 турнирі аяқталды

Адриан Манмарино – ASTANA OPEN АТР 250 турнирінің жеңімпазы.

35 жастағы француз екі сағаттан астам уақытқа созылған кездесуде америкалық Себастьян Кордадан басым түсті.

Француз Адриан Маннарино мақсатына жетті. Осыдан үш жыл бұрын Астанадағы турнирдің финалында есесі кеткен теннисші биыл чемпион атанды. Ақтық бәсекеде америкалық Себастьян Кордадан айласын асырды.

Жалпы, кездесуге дейін жанкүйерлер пікірі қақ жарылды. Бірі Корданы қолдаса, өзгелері Маннариноға сенім білдірді.

Блиц:

- Менің ойымша Корда жеңеді деп ойдаймын. Өйтені ол өте үздік ойыншы. Біз соған жанкүйер боламыз.

- Корда жеңеді деп ойлаймын. Оның удары мықты и скорость жақсы.

Менің ойымша, Маннарино жеңетін сияқты. Негізі ол теннисшіні бұрын көргенмін. Техникасы ұнайды, өте әмбебап деп санауға болады. Бірақ Корда да мықты. 

Сарапшылар да матчқа дейін жеңімпаздың есімін нақты атап бере алмады. Себебі теннисшілердің әлемдік рейтингісінде Корда – 28-ші, ал Маннарино 34-ші  орында тұр.   

Жандос Айтбайұлы, спорт комментаторы:

- Екі теннисші де жас ала ма, тәжірибе ала ма дейді ғой. Маннарино енді 35 жаста демесеңіз әлемдік рейтингіде, бір кездері үшінші орынға дейін көтерілген. Өте тәжірибелі теннсишілердің бірі. Ал Корда жас. Жас та болса қазір мықтылармен иық тірестіріп жүрген, үзеңгі қағыстырып жүрген теннисшілердің бірі. Француз теннисшісінде тәжірибе бар. Сол тәжірибесінің арқасында бүгін жеңіске жетеді деп ойлаймын.

Марапаттау салтанатында Манмарино турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастарылғанын атап өтті. Қонақжай қазақ еліне алғысын білдірді.

Адриан Манмарино, Astana Open ATP 250 турнирінің жеңімпазы:

- Мен осы кортта өткен екі финалда ұтылдым. Міне, қазір жеңіске жеткеніме қуанып тұрмын. Мені қолдап, матчқа келген көрерменге үлкен ризашылығымды білдіремін. Жеке өзім жарыс күндерін әрдайым жағымды естеліктерімен еске алатыным анық. Кортқа келіп, маған қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс айтамын. Мен мұндай қолдауды Францияда да сезінген емеспін.

Сондай-ақ, жұптық бәсекенің жеңімпаздары анықталды. Мұнда америкалық Ламмонс пен Уитроу жұбы топ жарды.

Турнир аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Теннисшілер қайырымдылық акцияларына қатысып, шеберлік сабақтарын өткізді.

Турнирді әлемнің 80-нен астам елінде тікелей эфирде тамашалады. Сондай-ақ, залға келіп көрген көрермен саны 18 мыңнан асты. Бұлардың қатарында аймақтардан келген балалар да баршылық. Осылайша ұйымдастырушылар жас теннисшілердің әлемдік жұлдыздардың ойынын көрсем деген армандарын орындады. ))

Ұйымдастырушылар теннис турнирін келесі жылы да өткізеді. Сол кезде әлемнің таңдаулы теннисшілері Астанаға тағы жиналатыны анық.

Авторлары: Нұрқанат Қанапия, Наурызбай Құрманғазы