«Тараз» өз алаңында «Ақжайықты» қабылдады
Футболдан Қазақстан бірінші лигасының 26-шы туры аясында Тараз өз алаңында Ақжайықты қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Матч ә дегеннен қарқынды өрбіді. Қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау іздеп, қайткен күнде де гол салуға тырысты. Әсіресе тараздықтар ойын басталысымен-ақ алаң ортасында ойқастады. Бірнеше мәрте қауіпті сәттер тудырып, «Ақжайықты» әбден састырды. Нәтижесінде 40-шы минутта Жақып Қожамберді 11 метрлік айып добынан гол салып, есеп ашты.
Қарымта гол көп күттірмеді. 58-ші минутта Николай Агапов таразы басын теңестірді.
Мұнымен тоқтаса, қарқыны қатты «Тараз» кешірмейтінін түсінген «Ақжайық» алаң иелеріне доп бермеуге тырысты. Әсіресе Николай Агаповтың қимылы ширақ. Шира тепкен екінші добы да қақпаға дәл тиді. Матчтың соңғы минутына дейін «Ақжайық» жеңісті есепті уысынан жібермеуге тырысты. Бұрыштамадан әуелеп жеткен доп «Тараз» қақпасы алдында әрі-бері жөңіліп, Роман Чирковтың аяғына тиіп барып, қақпа ішіне енді. Есеп: 1:3. Жеңіс Ақжайық еншісіне жазылды.