Бабыңа кел, «Барыс»
Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын жалғыз қазақстандық команданың тағы жолы болмады.
"Барыс" сырт алаңда Мәскеудің ЦСКА-сына есе жіберді. Есеп 0:4. Қарсылас команда сапынан Павел Карнаухов, Михаил Григоренко, "Барыстың" бұрыңғы ойыншысы Даррен Диц пен Константин Окулов көзге түсті. Екі команда бұған дейін 29 рет кездескен еді. Оның онында "Барыс" басым түскен.
Айта кетейік, елордалық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді. Соңғы он бір ойынның небәрі үшеуінде жеңіске жетті. Ал ертең сырт алаңда «Витязь» клубымен жолығады.