Е.Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасымен сынға түседі

Е.Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасымен сынға түседі

Қытайдағы теннис турнирінде  қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жеңіске жетті.

Ол үшінші айналымда Ресей өкілі Мирра Андрееваға қарсы ойнады. Жерлесіміз алғашқы сетте қарсыласын айқын басымдық ұтты. Есеп 6:2. Екінші кезеңде тартыс қыза түсті. Ресейлік спортшы ойын тізгінін өз қолына алғанымен, Елена да қарқыннан таймады. Нәтижесінде 6:4 есебі тіркелді. Үшінші сетте қазақстандық спортшы 6:1 есебімен қара үзіп кетті. Матч 1 сағат 49 минутқа созылды. Жерлесіміздің ендігі қарсыласы әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь спортшысы Арина Соболенко болмақ.