«Барыс» өз айдынында «Тракторды» жеңді
«Барыс» бас бапкері Андрей Скабелка қызметінен кеткелі алғашқы ойында жеңіске жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Астаналық клуб өз айдынындағы кездесуінде «Тракторды» жеңді. Матч 2:1 есебімен тәмамдалды. 18-ші минутта Всеволод Логвин мергендігімен көзге түсті. Ал 26-шы минутта Аркадий Шестаков қарсылас қақпасын дәл көздеді. Екінші кезеңнің соңғы минутында Чарльз Робинсон есеп айырмасын қысқартты. Осылайша, кездесу астаналықтардың жеңісімен аяқталды.
Қазір бас бапкердің міндетін Ғалым Мәмбетәлиев атқарып жүр. Бұл ойынға дейін «Барыс» 5 рет жеңілген еді. Астаналықтардың ендігі қарсыласы – мәскеулік «Динамо». Матч ертең Астанада өтеді.