Рыбакина Қытайдағы турнирге қатыспайды
Бахтиёр Зайнутдинов клубтың бас жаттықтырушысы Шенол Гюнеш қызметінен кеткен соң «Бешікташ» құрамында алғашқы ойынын өткізді.
Қазір клуб жаттықтырушысы міндетін Бурак Йылмаз атқаруға кіріскен. Түркия чемпионатының сегізінші матчы Бешікташ пен Истанбулспор арасында ұйымдастырылды. Қазақстандық футболшы 90 минут бойы сол қапталдағы қорғаныс шебінде ойнады. Ойын нәтижесінде Бешікташ 2:0 есебімен қарсыласын ұтты. Айта кетейік, Бахтиёр Зайнутдинов үшін бұл түрік суперлигасындағы алтыншы ойыны. Бұдан бөлек, конференция лигасында 4 ойын өткізді. Бүгін Зайнутдинов Қазақстан құрамасындғы Еуро-2024-ке дайындығын бастайды. Дания мен Финляндияға қарсы ойындар қазанның 14-і мен 17-сі күндері өтеді.
Рыбакина Қытайдағы турнирге қатыспайды
Елена Рыбакина қытайдың Чженджоу қаласында өтетін WTA 500 турниріне қатыспайтын болды. Қазақстандық теннисші не себепті бас тартуы мүмкін? "The Tennis Letter" осы жайлы мақала жариялады. Басылымның пайымынша, Бейжіңдегі жартылай финалдан соң Рыбакина өзіне демалыс жариялауы бек мүмкін. Әйелдер арасындағы теннис қауымдастығының ақтық сыны алдында күш жинағысы келген болуы керек. Еске сала кетейік, осы аптада әлемнің бесінші ракеткасы Бейжіңдегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына дейін жетті. Бірақ екі партияда 6:4, 3:6 ұпайларымен Людмила Самсоноваға есе жіберіп алды.
"Арсенал"- "Манчестер Сити" 1:0
1:0! Араға сегіз жыл салып "Арсенал" осындай есеппен "Манчестер Сити"-ді жеңді. Аладоп кездесуі "Эмирейтс" стадионында өтті. Жалғыз голды Габриэл Мартинелли 86-минутта салды.
Ағымдағы футбол маусымында командалар екінші рет кездесті. Бұған дейін Англяның суперкубогінде ойын өткізген. Сол кезде де пенальти сериясында қарсыластың қақпасына доп тоғытқан Арсеналдың бағы жанған еді. Осылайша "Манчестер Сити" 18 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орынға түсіп қалды. Ал 20 ұпай жинаған "Арсенал" кестеде екінші тұр.