Азия ойындарының жүлдегерлері қанша сыйақы алады?

288 миллион теңге. Азия ойындарында жүлдеге іліккен жерлестеріміз жалпы сомасы осынша сыйақы алады.

Яғни, мемлекет тарапынан алтын медальға 10 мың, күміс пен қолаға, сәйкесінше, 5 және 3 мың АҚШ долларынан қарастырылған. Бұған қоса, бапкерлері де назардан тыс қалмайды. Ұлттық құрама спортшылары бас-аяғы 80 медаль жеңіп алды. Оның 10-ы алтын. Нәтижесінде, сыйақының жалпы көлемі 606 мың АҚШ долларын құрады. Оның ішінде 140 мыңы алтын алған Азия ойындарының жеңімпаздарына беріледі.

Айта кету керек, командалық спорт түрлерінде ақшалай төлем  әр спортшы жеке-жеке табысталады. Ханчжоу қаласындағы 0 байрақты бәсекеге бас-аяғы 524 спортымыз қатысты. Бұл – өзіндік рекорд. Ал жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан жалпы есепте 45 елдің арасында 11-ші сатыға тұрақтады.