Қызылордада Кәсіподақтар күніне арналған турнир өтіп жатыр
Кәсіподақтар күніне орай көлік қызметі саласының мамандары Қызылордада бас қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазіргі уақытта шағын футболдан финалдық ойындар өтіп жатыр. Іріктеуден үздік шыққан 5 команда Сыр елінде 2 күн бойы шеберлік байқасады. Жалпы облыстағы 12 салалық кәсіподақ ұйымына 95 мыңнан астам адам мүшелікке өткен. Жұмысшы мен жұмыс берушілер арасында туындайтын мәселелерді шешуге мүдделі ұйым 52 кәсіпорынмен әлеуметтік-өндірістік дауларды болдырмау мақсатында келісім жасаған.
Президент өз Жолдауында жұмысшылар құқығының кәсіподақтармен қамтамасыз етілуін тапсырған болатын. Осы ретте биылғы жыл республикалық Кәсіподақтар федерациясымен «Қауіпсіз еңбек жылы» деп белгіленді. Соның аясында үшжақты жаңа ұжымдық шарт талаптары жан-жақты талқыланып жатыр.
Оразғали Ахметбаев, көлік қызметі саласы мамандарының кәсіподақ ұйымы төрағасы:
- 1 қаңтардан келесі жылдың жаңа ұжымдық шарт болу керек. Күрделі де керекті де қажеті зор шарт. 98%-і 110 мыңнан астам адам біздің кәсіподақ мүшесі – теміржолшылар. Ал оған қосқанда үстінде тағы әуе, су сонымен 3 мыңдай адам бар.