Елдегі спортты дамытудың жаңа бағыттары әзірленеді
Еліміздің ұлттық құрамасының Азия ойындарындағы жалпыкомандалық нәтижесін ескере отырып, Туризм және спорт министрлігі отандық спортты дамытудың жаңа бағыттарын әзірлейді.
2024 жылы Париж Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсету үшін қаржыландыру үлгісі қайта қалыптастырылады. Басқару жүйесін жақсарту және ұлттық құрамалардың дайындығын арттыру бойынша бірқатар жұмыс жүргізілмек.
Ербол Мырзабосынов, ҚР Туризм және спорт министрлігі комитетінің төрағасы:
- Президент атап өткендей, спорт - бұл еліміздің халықаралық арендаға имиджі, абыройы. Ендігі кезекте министрлік, Ұлттық Олимпиада комитеті, федерациялар, бас бапкерлер, спортшылармен және қоғаммен тығыз ынтымақтастық орната отырып, мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүзеге асырылатын реформалар моделін құрайтын болады.