Қазақстан футзалдан Әзербайжанды ұтты

Қазақстан футзалдан Әзербайжанды ұтты

Қазақстан Әзербайжанды ұтты.

Футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында ұлттық құрамамыз кезекті матчын өткізді. Рикардо Кака баптайтын жігіттер бұл жолы өз алаңында Әзербайжан командасын қабылдады. Астанадағы матчта қонақтар ә дегеннен басымдықты қолдарына алып, 2:0 есебмен алға шықты.  Дегенмен жерлестеріміз үзіліске дейін таразы басын теңестіріп үлгерді. Алдымен Лео мүмкіндігін сәтті пайдаланса, артынша Біржан Оразов мергендігімен көзге түсті. Ал екінші кезеңде Дуглас жеңіс голын соқты. Қорытынды есеп: 3:2. Осылайша Қазақстан 4 ойында 12 ұпай жинап, А тобында жеке-дара көш бастады. Айта кетейік, әр топтың үздіктері тікелей әлем чемпионатына жолдама алады. Ал екінші сатыда тұрған командалар  қосымша мүмкіндікті өзара сарапқа салады. Дүнижүзілік доданың өзі  тура бір жылдан кейін Өзбекстанда болады. 

Қатарынан екінші жеңіс

Астаналық «Барыс» бас бапкерін ауыстырғаннан кейін, сәтті өнер көрсетте бастады. Қазақстандық клуб құрлықтық хоккей лигасы аясынды мәскеулік «Динамомен» кездесті. Елордада өткен матч тарысты болды және негізгі ойын уақыты тең нәтижемен аяқталды. Есеп: 2:2. Алаң иелері сапынан Әділ Бекетаев пен Райли Барбер мергендігімен көзге түсті. Қосымша уақытта да тараптар өзара мықтыны анықтай алмады. Ал матч соңындағы буллиттер сериясында «Барыстың» жолы болды. Осылайша Ғалым Мамбеталиев баптайтын жігіттер 2 ұпайға қол созды. Бірақ жалпы есептегі жағдайы мәз емес. Астаналық команда Шығыс Конференциясындағы 12 клуб арасында 10-шы сатыда тұр. «Барыс» кезекті матчын да өз алаңында өткізеді. Ертең бұнда Құрлықтық лиганың тағы бір үздігі ресейлік «Локомотив» келеді. 

Мейірім Нұрсұлтанов кешенді жаттығуға кірісті

Қазақстандық кәсіпқой боксшы келесі кездесуіне дайындықты Ақтау қаласында пысқытап жатыр. Кезекті қарсыласы әзірге белгісіз. Оның есімі ресми екі аптадан кейін жарияланады.  Негізі орта салмақтағы отандасымыз IBF нұсқасы бойынша үздіктердің бірімен жұдырықтасудан үмітті. Сонымен қатар WBC белдігі үшін де таласқысы келетінін айтқан. Мейірім ең соңғы рет сәуір айында шаршы алаңға шықты. Оңтүстік Кореядағы жекпе-жек кешінде жапониялық Кадзуто Такесаконы жеңген болатын. 12 раундқа жоспарланған кездесу 8-раундта аяқталды. Осы арқылы ол WBO International белбеуін қорғап қалды. Бұған қоса әлемдік рейтингте 6-шы сатыға көтерілді. Жалпы алар болсақ, Мейірім бүгінге дейін 19 жекпе-жек өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Тіпті 11-ін мерзімінен бұрын аяқтады.