Мүгедек жандар арасында боулингтен жарыс өтті
Кембағал жандар арасындағы турнир қайта жанданды.
Біреу білсе, біреу білмес, қазанның екінші жексенбісінде еліміз бойынша мүмкіндігі шектеулілер күні аталып өтіледі. Міне осы дата аясында елордада боулингтен жарыс ұйымдастырылды. Бұл бәсеке пандемияға дейін тұрақты өткізіліп, кейін тоқтап қалған болатын. Енді биылдан бастап қайта жанданды. Дәстүрлі додада 6 команда қатысып жатыр. Әрқайсысында 10 адамнан бар. Қатысушылардың жасына және диагнозына қатысты шектеу жоқ. Жыл соңына дейін осындай форматтағы тағы бірнеше шараны өткізіп, салауатты өмір салтын ұстануға ерекше басымдық береміз дейді ұйымдастырушылар.
Тәуекел Наурызбаев, жарысқа қатысушы