Талдықорғанда еркін күрестен республикалық турнир басталды
Талдықорғанда Зылиха Тамшыбаеваны еске алуға арналған республикалық еркін күрес турнирі басталды.
Оған еліміздің барлық облыстары мен көршілес Қызғыз елінен 200-ге жуық балуан қатысып жатыр. 3 күнге созылатын жарыстың алғашқы күнінде Алатаудың арғы бетінен келген, айыр қалпақты елдің балуандары тамаша өнер көрсетті. Жетісулық өрендер мен Алматы қаласының, Қызылорда, Батыс Қазақстан облысының балуандары да алғашқы белдесулерін сәтті бастады. Турнир жеңімпаздары сенбі күні анықталады.
Аян Әбдел, жарысқа қатысушы, (Қызылорда облысы):
- Өте жоғары жарыс, жоғары деңгейде болып жатыр. Осы жарыстағы спортшылар өте мықты. Қатты дайындалып келіпті. Ересектер арасында өтіп жатқан менің алғашқы белдесуім ересектер арасындағы. Осы уақытқа дейін Қазақстан республикасын 1 рет жеңдім, 2 рет күміс алдым. «Всемирниые игры» дейді, әлем ойындарында екінші орын алдым.
Алмазбек Мусабаев, Қырғызстан Республикасының еркін күрестен жастар құрама командасының жаттықтырушысы:
- Біз Қырғызстаннан 5 балуан алып келдік. Қазақстанның ұйымдастырушылары жақсы ұйымдастырып тұр. Біз бірінші жолы қатысып жатырмыз Талдықорғанда. Қатысқанда 1,2,3 номерлер жоқ. Бұл жерде баяғы мастер спорталар алып қойып тұр. Мастер спорта болса көбірек келмек екен.