«Түркия туры»: «Астана» шабандозы бірінші орында
Түркияның таулы-қыратты аумақтарында велоспорттан дәстүрлі «Түркия туры» додасы жалғасып жатыр.
Жалпы есепте әзірге қазақстандық Алексей Луценко топ бастап тұр. Ол кезекті, яғни 5-ші кезеңде мәре сызығын 11-ші болып кесті. Соның арқасында жалпы есептегі орнын сақтап қалды.
Айта кетейік, бұл жолы шабандоздар 212 шақырымды жүріп өтіп, Мармарис пен Бодрум қалаларының арасын бағындырды. Нәтижесінде германиялық Нико Денц жеңімпаз атанды. Екінші орынға британиялық Мэттью Уолс тұрақтаса, «Астана» командасының тағы бір өкілі Кес Бол үздік үштікті түйіндеді. Кес Бол жапы есепте 11-ші сатыда келеді.
Түркиядағы байрақты бәсеке 15 қазанға дейін жалғасады. Қазақстандық клуб өкілдері осы қарқынды жоғалпай, басымдықты соңына дейін сақтап қалуды жоспарлап отыр.