«Астана» шабандозы «Түркия турында» жеңіске жетті

«Астана» шабандозы «Түркия турында» жеңіске жетті

Түркияның таулы-қыратты аумақтарында велоспорттан дәстүрлі «Түркия туры» аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шешуші, яғни 7-ші кезең 160 шақырымға созылды. Қатысушылар Селчук және Измир қалаларының арасын бағындырды. Нәтижесінде Йеспер Филипсен бірінші келді. Ал «Астана» спортшылары арасынан ең тәуір көрсеткішке Алексей Луценко қол жеткізді. Ол 8-ші сатыға тұрақтады. Дәл осы Луценко 7 кезең қорытындысы бойынша, яғни жалпы есепте жеңімпаз атанды.

Айта кету керек, қазақстандық спортшы бірер апта бұрын Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында да топ жарған болатын. Енді жеңіс жолын Түркияда жалғастырды. Жалпы есепте екінші орын германиялық Бен Цвихоффқа бұйырса, үздік үштікті «Астана» клубының тағы бір өкілі Харольд Техада түйіндеді.