Жәнібек Әлімханұлы жоспарымен бөлісті
Төрт титулды біріктіргім келеді. Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінен кейін осындай мәлімдеме жасады.
Ол күні кеше АҚШ төрінде германиялық Винченцо Гуальтьеримен жолығып, 6-шы раунда техникалық нокаутпен ұтқан болатын. Осының арқасында WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанды. Кейін жерлесіміз қалған қос титутлды да иемденгісі келетінін алға тартты және Top Rank прмоутерлік компаниясы аталмыш жекпе-жектерді ұйымдастыруға көмектеседі деген сенім білдірді.
Айта кетейік, WBC титулына қазір америкалық Джермалл Чарло иелік етсе, WBA тұжырымы бойынша кубалық Эрисланди Лара әлем чемпионы саналады. Ал қалған қос титулдың иегері Жәнібек кәсіпқой рингте осымен 15-ші кездесуін өткізіп отыр. Барлығында да жеңіске жетті. Тіпті 10-ын уақытынан бұрын аяқтады.