11 хоккейші халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды
Индорхоккейден ұлттық құрама команданың еңбегі еленіп, оның өкілдеріне спорттық атақтар табысталды.
Олар Тамландтың Бангкок қаласындағы Азия чемпионатында жақсы ойын өрнегін көрсетіп, үшінші орынға ие болған еді. Талдықорған қаласындағы салтанатты шарада «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағын алған спортшыларға арнайы куәлік пен төсбелгі берілді. Команданың бас бапкері Ольга Урманова екенін айта кетейік.
Индорхоккей бойыша еліміздің ерлер мен әйелдер құрамасы әлемде үздік ондыққа кіреді. Ал көгалдағы хоккейден қыздар құрамасы үздік отыздықта болса, ерлер жақында әлемнің алдыңғы алпыс құрамасының қатарына енді. Спортшыларымыздың ендігі мақсаты – лицензиялық турнирлерді ұту.
Еркебұлан Дүйсебеков, индоркоккейден ұлттық құрама мүшесі:
- Өте жоғары деңгейдегі спорт. Қазіргі кезде Қазақстанда өте жақсы дамып келе жатқан спорттың бір түрі. Біз енді бүгінгі күнде халықаралық спорт шебері дәрежесіне жетіп отырмыз. Бүгін осыны марапаттау сәтінде өте қуаныштымыз.
Алик Аширов, ҚР Көгалдағы хоккей федерациясының атқарушы директоры:
- Бұрын біздің қыздар 15 адам халықаралық дәрежедегі спорт шеберін алған. Білесіз ғой, сол қыздар анау Азияның бірнеше дүркін чемпионы болған. Енді келесі жылы біздің Талдықорғанда сол Азияға іріктеу болуы мүмкін. Азияға, Индонезияға барады деп ойлаймын.