Джордан Барроуз Қазақстанға келеді

Джордан Барроуз Қазақстанға келеді

Барроуз Қазақстанға келеді. Атақты америкалық балуан Тараздағы халықаралық турнирге қатысады.

Бұл жөнінде отандық спорт порталдары жарыса жариялап жатыр.

Джордан Барроуз мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған жарыста белдеседі. Байрақты бәсеке Біріккен күрес әлемінің күнтізесіне енген. Жарыстың өзі 3-5 қараша аралығына өтеді деп жоспарланып отыр.

Джордан Барроуз 74 келіде күресуі керек. 35 жастағы балуан биыл әлем чемпионатынан тыс қалған еді. Өйткені Американың ішкі іріктеу кезеңінде Ченс Марстеллерге есе жіберген болатын. Ал былтыр 79 келіде әлем чемпионы атанған болатын. Жалпы Джордан Барроуз еркін күрестен 2012 жылы Олимпиада чемпионы атанды. Бұдан бөлек, 6 мәрте әлем чемпионаттарында топ жарды.