Пара Азия ойындарына дайындық

Азия ойындарындағы жеңісті ендіпара Азия ойындарында қайталау қажет.

Бірер күннен кейін Қытайда мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы байрақты бәсеке басталады. Ел намысын қорғайтын қыз-жігіттер қазір Ханджоу қаласына аттанып, жарыс алдындағы дайындықты пысқытап жатыр. Әсіресе, пара велоспорт өкілдерінен үміт зор. Өйткені, ұлттық команда мүшелері құрлықтық және әлемдік аламандарға тұрақты қатысып, жеңіс тұғырына көтеріліп жүр. Атап айтқанда, Кенжеғұл Сейітжан бірнеше рет ішкі біріншілікте топ жарды. Әлем чемпионатында бағын сынады. Ал әйелдер арасында Жұлдыз Қайнаров Азия чемпионаты мен Әлем кубогында жүлдеге ілікті. Оларға Антон Лаврентьев пен Әйгерім Нұрғали жұп болады. «Мақсат - тек қана алтын медаль алу», - дейді бас бапкер Николай Зайцев. Пара велоспорт бойынша бәсекелер 26-шы және 27-ші қазанда болады.

Айта кетейік, дәл осы Ханджоудағы Азия ойындарынан Қазақстан командасы екі алтын жүлде еншіледі. Яғни, жекелей сында Алексей Луценко, топтық сында Евгений Федоров алдына сан салмады.