Нұрсұлтанов пен Файгенбутц кездеседі

Қазақстандық кәсіпқой боксшының кезекті қарсыласы белгілі болды.

Мейірім Нұрсұлтанов германиялық  Винцент Файгенбутцпен жолығады. Кейінгісі 28 жаста. Кәсіпқой рингте 42 жекпе-жек өткізіп, 39-ында жеңіске жеткен. Тіпті, 32-сін уақытынан бұрын аяқтаған. Винцент WBC рейтингінде 11-ші, ал, IBF пен WBO рейтингінде, сәйкесінше, 12-ші және 13-ші орындарда тұр. Мейірімнің көрсеткіші 19 жекпе-жек, 19 жеңіс. Еншісінде WBO International чемпиондық белгігі бар. Қос мықты тура бір айдан кейін Ташкентте  жұдырықтасады. Жекпе-жек кеші Хумо Аренада өтеді. Аталмыш кездесу 12 раундқа есептелген. Жеңіске жеткен боксшы WBC чемпионына міндетті қарсылас атанады. Мейірім Нұрсұлтанов дәл қазір Ақтау қаласында жаттығып жатыр. Ол бірнеше күн бұрын кешенді дайындықты бастады. Қазақ боксшысы соңғы рет биыл сәуір айында шаршы алаңға шықан еді. Жапониялық Кадзуто Такесаконы нокаутпен ұтып, WBO International белдігін қорғап қалды.