Қоржынымызға 5 медаль түсті
Оның екеуі алтын. Қытайдың Хандчоу қаласында пара Азия ойындары жалғасып жатыр.
Екінші жарыс күні де жерлестеріміз үшін сәтті болды. Әсіресе, пара дзюдода Ерғали Шәмей мен Олжас Оразаұлы қарсылас шақ келтірмеді. Ерекше атйа кетерлігі, орта салмақтағы Ерғали финалда тағы бір қазақстандық Аслан Нұрдәулетовпен жолығып, қос қазақ бас жүлдені сарапқа салды. Ал әйелдер арасында 70 келідегі Динара Куджулова қола жүлдеге қол созды. Ол соңғы сында өзбекстандық спортшыдан басым түсті. Тағы бір қоланы ауыр салмқатағы Бауыржан Арыстанбеков жеңіп алды. Жарыс күні әлі жалғасып жатыр. Қазақстан командасы осы сағатқа дейін 19 медаль жеңіп алды. Соның арқасында жалпы есепте 7-ші орында тұрмыз. Хандчоудағы Азия ойындары 29-шы қазанға дейін жалғасады.