Жетісу облысында мереке күні үш спорт кешені ашылды
Республика күніне орай Жетісу облысында үш спорт кешені ашылды.
Ел игілігіне берілген орталықтардың бірі Қаратал ауданында. Нысанды салуға мемлекеттік бағдарламамен 180 миллион теңге бөлінді. Қалған екеуі Панфилов ауданының Пенжім және Үлкеншыған ауылында тұрғызылды. Шекаралық аймақтағы балалар енді бокс, күрес және футбол, волейболмен айналыса алады.
Күләш Айтжанова, Еңбек Ері:
- Менің бірауыз сөзімді жерге қалдырмай скл осы спорт комплексін салып бергеніне мен разымын. Ішінен бала шаға кетпесін, уайым қайғысыз, озатты болып өздерінің күштерін, білім біліктілігін дәлелдеп жақсы азаматтар өсіп шықса екен деймін.