Пара Азиада. Ел қоржыны тағы екі медальмен толықты

Пара Азиада. Ел қоржыны тағы екі медальмен толықты

Ханчжоуда өтіп жатқан IV Азия пара ойындарында 80 кг салмақ дәрежесінде (К44) өнер көрсеткен қазақстандық атлет Нышан Өмірәлі паратаэквондодан күміс медаль иегері атанды.

Финалда біздің отандасымыз Ираннан келген спортшыға есе жіберді.

Сонымен қатар, Азия пара ойындарында 4х50 м аралас комплекстік эстафетада қазақстандық пара жүзушілер (3:03.74) қола жүлдені еншіледі.

1-орын – Қытай командасы (2:30.36)

2-орын – Жапониядан келген команда (2:49.49)

Қазақстан командасында: Зульфия Габедуллина, Сиязбек Далиев, Наталья Звягинцева және Айсұлтан Құлқаев бар.