«Елім-ай» футболшылары Премьер-лигаға жолдама алды
Семейдің "Елімай" футбол клубы бірінші лиганың чемпионы атанып, Қазақстанның Премьер лигасына жолдама алды.
Команда бірінші дивизионда 28 ойын өткізіп бірде-бір рет жеңілістің ащы дәмін татып көрген жоқ. Тек төрт ойында тең түсті. 25 жылдан кейін қайта құрылған футбол клубы кезінде Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанған.
Саясат Сәрсембинов, жанкүйер:
- Ең біріншіден бүгін өте керемет мейрам, мереке күні. Бүкіл Абай облысында, Семей қаласында. 25 жыл күткен, армандаған арманымызға жетіп отырмыз. Өзіміз жақсы көретін «Елім-ай» тобы үлкен жеңіске жетіп отыр.
Самат Сымақов, "Елім-ай" ФК бапкері:
- Жігіттерге рахмет. Бүкіл маусым бойы бірде бір рет жеңілген жоқ. Әрине бұл бізге оңай болған жоқ. Алда жаңа маусым, жаңа лига. Сондықтан команда құрамы 70 пайызға дейін өзгеруі мүмкін.