Ақтөбеде асық атудан Қазақстан Кубогы өтіп жатыр
Ел үздіктері Ақтөбеге жиналды.
Бұнда асық атудан жылдың қорытынды жарысы Қазақстан Кубогы өтіп жатыр. Ішкі біріншілікке бас-аяғы 10 команда келді. Яғни, 100-ге жуық қатысушы 3 күн бойы өзара мықтыны анықтайды.
Айта кетейік, елімізде Асық ату федерациясы 2010 жылы негізі қаланып, 2011 жылы ресми тіркелді. Содан бері жүйелі дамып келеді. Қазір аймақтарда 16 федерация бар. Мыңнан аса бапкер жұмыс істейді. Ал асық атумен айналысатындардың жалпы саны 80 мыңға жуық. Оның ішінде 50-і спорт шебері атағын алып үлгерді. Тіпті биыл асық атудан халықаралық федерация құрылды.
Ал алдағы жылы Астанадағы дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында асық атудан алғашқы әлем чемпионатын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Байрақты бәсекеге қатысатын ұлттық команда арнайы іріктеу арқылы жасақталады.