Жетісу облысында тоғызқұмалақ спорты федерациясы құрылды
Енді аталған ұйым зияткерлік ойынымызды аймақта дамытуға күш салады.
Себебі қазір өңірдегі 3 ауданда ғана арнайы жаттықтырушы бар. Ал Текелі қаласы мен 5 ауданда қызметтік штат мүлдем жоқ. Сол себепті білікті мамандарды жұмысқа алып, жасөспірімдердің қызығушылығын ояту қажет. Ол үшін төрт мыңжылдық тарихы бар спортымыз тұрақты түрде насихатталуы тиіс. Мектепшілік, аудан-қалалық және облыстық жарыс нәтижесінде команда жасақтау керек, - дейді облыстық федерация өкілдері.
Ришат Асқарбекұлы, облыстық тоғызқұмалақ спорты федерациясының президенті:
- Жұмысты мемлекеттік органдармен байланыстан бастағалы отырмыз. Себебі ол жерде не бар? Ол жерде бюджет бар. Бюджет штат бар деп жатырмыз ғой. Оны мен зерттеп көрдім. Шешетін жолдары бар. Ынта-ықылас жүгеру керек. Сол жағынан дамытамыз деп отырмыз. 600 мың халқы бар 180 бала 8 жаттықтырушымен жұмыс істеп жатыр. Бұл өте аз. Сондықтан жұмысты жүйелейтін боламыз.