ҚХЛ: «Барыс» жеңіске жетті

ҚХЛ: «Барыс» жеңіске жетті

«Барыс» жеңіске жетіп, сәтсіздіктер сериясын үзді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін астаналық клуб бұған дейін қатарынан 4 рет есе жіберген еді. Бұл жолы сырт алаңда, яғни Екатеринбург қаласында жергілікті «Автомобилист» командасымен жолықты.

Айта кету керек, алаң иелері турнирлік тізімде әлдеқайда жоғары тұр. Яғни, олар Шығыс Конференцисының 6-шы сатысында болса, «Барыс» 11-ші орында. Соған қарамастан қазақстандық команда өкілдері өте белсенді ойнап, 2 рет алға шықты. Авторы – Михаил Рахманов және Максим Мусоров. Ал алаң мелері қарымта қос шайба соғып, есепті теңестіріп үлгерді. Амал жоқ, жеңімпазды буллиттер сериясында анықтауға тура келді. Бұл сында Ғалым Мамбеталиев баптайтын жігіттер басым болды. Бірақ аталмыш жеңіс турнир тізіміне айтарлықтай әсер ете қоймады. Енді «Барыс» ертең тағы да сырт алаңда қазақ қаласының «Ақ Барысымен» кездеседі.