Қазақ жігіттері жартылай финалда
Біріккен Араб Әмірліктерінің Рас-эль-Хайма қаласында мини-футболдан әуесқойлар арасындағы әлем біріншілігі жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
2 жылда бір келетін дәстүрлі жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысуға мүмкіндік алды. Ұлттық команданың негізін қарағандылық спртшылар құрайды. Қатарынан 3 жыл бойы ел біріншілігінде қарсылас шыдатпаған арқа жігіттері араб жеріндегі кезекті кездесуін де сәтті өткізді.
Ширек финал аясында олар Чехия құрамасымен жолыққан. Ойын өте тартысты болды және негізгі бөлігі 3:3 есебімен аяқталды. Айта кету керек, қарсыластар алға шығып, біздің жігіттер есепте теңестіріп отырды. Қосымша уақытта да жеңімпазды анықтау мүмкін болмады. Ал матч соңында пенальти сериясында Александр Кислицын баптайтын жігіттердің жолы болды.
Осылайша, Қазақстан енді жартылай финалда өнер көрсетеді. Ал келесі қарсылас әзірге белгісіз. Белгілісі, Әзербайжан және Болгария мачтында жеңіске жеткен тараппен кездеседі.