«Тобыл» Қазақстан Кубогын жеңіп алды

«Тобыл» Қазақстан Кубогын жеңіп алды

Қостанайлық «Тобыл» футбол клубы Еуропа Лигасына жолдама алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел кубогы елорда стадионында сарапқа салынды. Шымкенттік «Ордабасы» командасына қарсы ойында есеп екінші таймда ғана ашылды. Жалғыз голды Ислам Чесноков салды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл – қостанайлық клуб тарихындағы екінші кубок. Алғашқысын тобылдықтар 2007 жылы жеңіп алған. Ол кезде де «Ордабасыға» қарсы ойнады.