Қазақстан Австралиядан ұтылды
Қазақстан Австралиядан ұтылды. Испанияның Севилья қаласында теннистен әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты «Билли Джинг Кинг Кубогы» басталды.
Финалдық кезеңге 12 команда жолдама алды. Олар 4 топқа бөлінген. Қазақстан алғашқы кездесуін Австралия қыздарына қарсы өткізді. Өкініштісі сол, ұлттық команда үздігі Елена Рыбакина денсаулығындағы ақауға байланысты кордқа шыға алмады. Ең бірінші болып қазақстандық Анна ДанИлина мен австралиялық Сторм Хантер жолықты және кейінгісі айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қорытынды есеп: 6:7, 4:6. Кейін Аннаның есесін Юлия қайтарды. Яғни, қазақстандық Юлия Путинцева Австралия сапындағы КИмберли БИрреллді ұтып, жалпы есепті теңестірді. Ал, шешуші, яғни, үшінші мачта қазақстандық Анна ДанИлина мен Юлия ПутИнцева жұбы Сторм Хантер және Эллен Перес жұбымен кездесіп, 1:6, 6:4, 5:10 есебмен жеңілді. Жалпыкомандалық нәтиже 2:1. Енді жерлестеріміз бүгін Словения құрамасымен сайысқа түседі. Ярослава Шведова баптайтын қыздарда жартылай финалға шығуға мүмкіндік бар. Ол үшін бүгін ірі есеппен ұтуы керек.
Ярослава Шведова, теннистен ұлттық команданың капитаны:
- Юлия өте сәтті өнер көрсетті. Әрине, бұл мачтар сериясында Австралия фаворит болғаны анық. Өйткені, былтыр олар әлем чемпионатының финалына шықты. Дүниежүзілік рейтингте әлдеқайда жоғары тұр. Соған қарамастан, қыздарымыз табандылық танытып, жақсы ойын өрнегін көрсетті. Енді бізге тек қана жеңіс керек.