Еuro-2024: Қазақстан Сан-Мариноны қабылдайды
Командада мәселелер бар. Бірақ, алдағы мачта қалай да жеңіске жетуіміз керек. Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев осындай пікір білдірді.
Бүгін Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің кезекті кездесулері өтеді. Оның аясында Қазақстан өз алаңында Сан-Мариноны қабылдайды. Қазір қос тарап елордаға жиналып, матч алдындағы соңғы дайындықты пысқытап жатыр.
Айта кетейік, осыдан бірер ай бұрын Сан-Маринода өткен алғашқы матчта жерлестеріміз 3:0 есебмен жеңіске жеткен болатын. Бүгінгі ойында да жеңіс ауадай қажет. Өйткені, тарихта алғаш рет Еуропа чемпионатында өнер көрсету мүмкіндігі шығып тұр. Бұл жауапкершілікті жігіттер өте жақсы түсінеді деді бас бапкер.
Еске сала кетейік, қаір Қазақстан 15 ұпаймен Н тобының үшінші сатысына орналасты. Ал, бірінші және екінші орындарға, сәйкесінше, Словения мен Дания жайғасты. Олар 19 ұпайдан жинады. 2024 жылғы Еуропа чемпионатына әр топтың екі үздік командасы жолдама алады.
Магомед Адиев, Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері:
- Дайындық ойдағыдай өтті. Жігіттердің көңіл-күйі жақсы. Өкінішке қарай, ұлттық құрамада жарақат алғандар бар. Олар жасыл алаңға шықпайды. Әрине, Бақтяр Зайнутдинов, Асхат Тағыберген сиқяты ойыншылардың жоқтығы білінеді. Бірақ, сонда да қалған жігіттер барын салып, жеңіске жетуге тырысады. Қарсылас команданы осал деп айта алмаймын. Бұл матч біз үшін аса маңызды.