Қазақстан-Словения: Қазақ футболы үшін тарихи күн
Бүгін – ғасырдан да ұзақ күн. Шет елге мыңға жуық қазақ жанкүйері жиналды.
Бүгін Астана уақытымен түнгі 01:35 Словенияда байрақты футбол бәсекесі өтеді. Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан және Словения құрамалары кездеседі. Жеңіске жеткен тарап кәрі құрлық додасына жолдама алады. Жарыс алдындағы қарбалас пен ұлттық командамыздың дайындығы жайында шараның басы-қасында жүрген әріптесім Аслан Қаженов айтып берсін.
Аслан Дарабаев, ұлттық команда ойыншысы:
- Біз үшін бұл мачтың маңызы ерекше. Осы күнге дейін талай кедергіні еңсеріп, талай қиын қарсыласты ұттық. Енді соның нүктесін қоятын уақыт келді. Әрине, барлығымыз Еуропа чемпионатында ойнағымыз келеді. Сондықтан жасыл алаңда аянып қалмаймыз.
Авторлары. Аслан Қаженов, Тоқтар Терлікбаев.