Едіге әлем чемпионы атанды
Мексикада ауыр атлетикадан жастар арасындағы дүниежүізілік дода өтіп жатыр.
Жарыстың кезекті күні 81 келіге дейінгілердің бәсекесі болды. Ел намысын қорғаған Едіге Егемберді серпе көтеруде 145, ал жұлқа көтеруде 191 келіні бағындырды. Қоссайыс қорытындысы бойынша елордалық спортшы 336 келіні еңсерді. Осының арқасында жалпы есепте бірінші орынға көтеріліп, алтын жүлдеге қол созды.
Күміс медаль түркімениялық Гайгысыз Тораевқа, ал қола грузиялық Георгий Асанидзеге бұйырды. Байрақты бәсекеге Едігеден бөлек, тағы бір қазақстандық Петр Хребтов та қатысқан еді. Ол 67 келіге дейінгілер арасында сынға түсті және жарыс нәтижесінде тек 10-шы сатыға тұрақтады.